Астанада кілтке дейінгі ақылды үй

Біз осы қаладанбыз: кеңсеміз Grey Plaza БО-да, инженерлер мен монтаждаушылар қалада жұмыс істейді. Loxone жобасын, қалқанын, орнатуы мен баптауын бір команда бір шарт бойынша жасайды.

Астанада нені ескеру керек

Аяз және ұзақ жылыту маусымы

Қыс мұнда ұзақ әрі суық. Жылы еден мен радиаторлар бөлме бойынша және кесте бойынша жұмыс істейді, ал демалыста үй температурасын телефоннан көресіз.

Жел

Астанада қатты жел жиі болады. Датчик сыртқы перделер мен маркизаларды зақымдалмай тұрып өзі жинайды.

Жөндеу немесе дайын пәтер

Қара жұмыс кезінде кабельді қабырғаға саламыз. Дайын жөндеуге Loxone Air сымсыз желісін қабырғаны ойып-қашамай орнатамыз.

Қандай сомадан бастау керек

Төрт үлгілік құрам. Нақты баға жоспарға байланысты.

Старт

2 630 000 ₸ бастап

Комфорт

3 890 000 ₸ бастап

Премиум

9 950 000 ₸ бастап

Үй

15 456 000 ₸ бастап

«Кілтке дейін» дегенге не кіреді

  • Бөлме бойынша жоба және смета
  • Жабдықты Еуропадан жеткізу
  • Қалқанды құрастыру
  • Орнату және сценарийлерді баптау
  • Оқыту және кепілдік қолдау

Астанада қалай жұмыс істейміз

1. Кездесу

Нысанға барамыз немесе кеңседе кездесіп, жоспар мен міндеттерді қараймыз.

2. Жоба және смета

Құрамды бөлме бойынша есептейміз. Баға шартта бекітіледі.

3. Қалқан және орнату

Қалқанды құрастырамыз, желілерді тартамыз, құрылғыларды орнатып, сценарийлерді баптаймыз.

4. Сүйемелдеу

Отбасыңызды үйретеміз және қалада байланыста боламыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанада қай жерде орналасқансыздар?

Grey Plaza БО, Керей Жәнібек хандар к-сі, 32, А блогы, 203-кеңсе. Дс–Жм 9:00–18:00, Сб 10:00–15:00.

Астанада ақылды үй қанша тұрады?

60 м²-ге дейінгі пәтерге арналған жүйе өзегі 2 630 000 ₸ бастап. Нақты соманы жоспар бойынша есептейміз, ал шамамен аралығын калькулятордан 60 секундта көруге болады.

Жүйені жөндеусіз орнатуға бола ма?

Иә. Loxone Air сымсыз желісі қабырғаны ойып-қашамай орнатылады және әрлеуді бүлдірмейді.

Интернет өшсе не болады?

Бәрі жұмыс істей береді: сервер Сіздің қалқаныңызда тұр. Тек қосымшадан қашықтан кіру болмайды.

Кепілдік қандай?

Loxone жабдығына 5 жыл, басқа брендтерге өндіруші мерзімі, жұмысқа 12 ай.